Қайда бару
Көрнекті орындар
Толығырақ
Экскурсиялар
Толығырақ
Almaty Pass
Туристің бірыңғай картасы, оған мыналар кіреді
8 объектіге еркін кіру
Nur Bus-та қала бойынша Экскурсия
10 000 теңгеге дейін үнемдеу
Туристке арналған
Құжаттар
Толығырақ
Ұлттық валюта
Толығырақ
CityPASS Жаңалықтары
Толығырақ
БАҚ біз туралы
Толығырақ
Киіктер қайтсе көбеймек
Толығырақ

Қазақстандықтарды ұшақтарға қағаз төлқұжаттары мен куәліктері жоқ кіргізеді

08 April 2021

Нұр-сұлтан мен Алматы арасында қағаз төлқұжаттарсыз және куәліктерсіз ұшуға болады. Пилоттық жоба ретінде цифрлық құжаттар сервисі бүгіннен бастап ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасай отырып, Нұр-сұлтан және Алматы әуежайларында іске қосылды.

“Эйр Астана” әуекомпаниясының тұрақты рейстерімен екі қала арасында ұшып шығатын жолаушылар жеке деректерін растау үшін eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы электрондық жеке куәлігін ұсына алады”, – деп хабарлады ААК.

Цифрлық құжаттар сервисін пайдаланатын жолаушылар рейске әуежайдың тіркеу тағанында тіркелу кезінде, сондай-ақ ұшу алдындағы қарап тексеруден өту кезінде eGov Mobile қосымшасында жинақталатын QR-кодты көрсетуі тиіс. Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы eGov Mobile-да “цифрлық құжаттар” сервисі арқылы жасалған QR-кодты санау бойынша Е-document бағдарламалық жасақтамасын әзірледі.

“Цифрлық құжаттар сервисі Қазақстан Республикасының барлық әуежайларында ағымдағы жылдың ішінде енгізіледі деп күтілуде. Әуежайларда жоба пилоттық режимде іске қосылуына байланысты, Цифрлық сервисті пайдалануды жоспарлап отырған жолаушыларға өзімен бірге жеке куәлігінің түпнұсқасын алып жүру ұсынылады”, – деп түйіндеді ведомствода.

Әуе көлігінде цифрлық құжаттар сервисін енгізу бойынша жұмыс Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде жеке куәліктерді ұсыну процестерін цифрландыру бойынша тапсырмасын орындау мақсатында ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитеті цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, “Қазақстанның авиациялық әкімшілігі” АҚ-мен, Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары мен әуежайларымен және “ҰАТ”АҚ-мен бірлесіп жүргізілуде.

Қолдауымен
Серіктестер
Ақпараттық бюллетеньге жазылу
">
Қоңырауға тапсырыс беру